Елордада қар неліктен полигонға шығарылмай, қаланың ортасына жиналып жатыр – әкімдіктің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қар неліктен полигонға шығарылмай, қаланың ортасына жиналып жатыр? Қала тұрғындарының бұл шағымына елорда әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бұған дейін Facebook-те Елена Нефёдова атты қолданушы «Астана Молл» ОСО-ның артындағы бос алаңға қардың жиналып жатқанын айтып, шағымданған еді.

«Бүгін кешке ондаған жүк көлігі келіп, осы жерге қарды төгіп жатыр. Көктем келгенде мұнда су тасқыны болмай ма!? Дәл осы жерге «қайықтар жүзген» Б.Момышұлы көшесі тиіп тұр», - деп жазған еді ол.

Бұл мәселенің жөнін қалалық әкімдіктен сұрап көрдік. Жауап түс ауа келді.

«Алматы ауданы әкімі аппаратының мердігер ұйымдары қыс басталғалы бері 890 мың текше метр қар шығарды. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Мәселен, былтыр қыста қаладан 514 356 текше метр қар шығарылған еді. Нұр-Сұлтан қаласында кейінгі аптада боран ұйытқып тоқтамай, қар өте қалың жауды. Осы себепті елордада төтенше жағдай режімі жарияланды. Осыған байланысты қарды полигонға шығару қиынға түскен болатын. Қарды тезірек шығару үшін «Алматы» ауданындағы көшелердің қарын уақытша «Астана Молл» ОСО-ның артындағы бос орынға төге тұру туралы шешім қабылданды. Қала ішіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілгеннен кейін ол қар қала шетіндегі полигондарға шығарылады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.


Фото: Елена Нефедова/facebook.com


Соңғы жаңалықтар