Елордада Қалдаяқов көшесінің сол жағалауға апаратын бөлігі жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті кәріз жүйесіне жүргізілетін құрылыс жұмыстарына байланысты Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі жабылатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 16 наурызынан 3 сәуіріне дейін Қалдаяқов көшесінің сол жағалауға апаратын Тәуелсіздік даңғылынан басталған бөлігі нөсер кәрізі құрылысы бойынша жүргізілетін жұмыстарға байланысты жабылады. Тәуелсіздік даңғылынан сол жағалауға шығу үшін Қалдаяқов көшесінің жабылған бөлігін айналып өтіп Нәжімеденов көшесімен М-3 көпіріне шығу керек. Ал сол жағалаудан М-3 көпірі арқылы Тәуелсіздік даңғылына бағыт алған көліктер Қалдаяқов көшесімен тек тік жүруі (немесе Панфилов көшесінен оңға бұрылуы) керек», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

«Француз кварталы» тұрғын үй алабы жақтан Панфилов көшесімен келе жатып Қалдаяқов көшесіне түссеңіз тек оңға Тәуелсіздік даңғылына бұрылуға рұқсат бар. Сол жағалауға бару үшін солға бұрылуға да, тік жүруге де шектей қойылады.

«Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен меймандарына жолға шыққанда алдын ала жоспарлауды сұрадйы. Аталған учаскеде сағатына 20-40 шақырыммен ғана жүруге болады», - деп хабарлайды департаменттен.


Соңғы жаңалықтар