Елордада қалалық бірнеше автобус бағдары уақытша тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қалалық бірнеше автобус бағдары уақытша тоқтатылды. Бұл жайында Astana LRT компаниясының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдарды қар басуына байланысты №80, 103, 105 бағдарлар автобустары базадан шыға алмады. Сол себепті аталған маршруттар қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бағдарлар қозғалысының қалпына келтірілуі туралы қосымша хабарланатын болады», делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар компания ауа райының нашарлауына байланысты кейбір қалалық бағдарларды күту уақыты артатындығын ескертеді.

«Жолдың нашар көрінуіне және жолдарды қар басуына байланысты қаладағы жалпы қозғалыс жылдамдығы төмендеді, яғни барлық көліктер баяу жүреді. Автобустың көлемі үлкен болғандықтан, қоғамдық көлік жүргізушілері сақ болуы керек. Бұл ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара», - деді компаниядан.

Елорданың қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды Астана LRT facebook және instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан білуге болады.


Соңғы жаңалықтар