Елордада инвестициялық бағдарламалар қалай жүзеге асып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысына бақылау жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана су арнасы» мекемесінің 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы өткен жылы бекітілді. Инвестициялық бағдарлама тариф бірге бекітіледі және орындауға субъект міндетті. Және жыл сайын 1 мамырға дейін аталған субъект өткен жылдың есебін береді. Бүгін міне инвестициялық бағдарлама аясында «Астана су арнасы» мекемесінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын қадағалауға келдік. Биыл бұл мекемеге инвестициялық бағдарлама аясында 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Болат Танабергенов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.

Шара барысында департамент мамандары, қалалық мәслихат депутаты және БАҚ өкілдері «Астана су арнасына» бағынышты бірнеше нысанның жұмыс барысымен танысты.

Атап айтқанда, Мұңайтпасов және Петров көшесі аралығында су құбырын тарту барысымен, индустриалды парктегі су сорғысы станциясына және қаладағы гипохлорит өндіру цехына барды.

«Бізде елорданың коммуникация саласына жауапты, қызмет көрсететін бірнеше мекеме бар. Олар - «Астана РЭК» жарыққа жауапты, «АстанаТеплоТранзит» жылумен айналысады және сәйкесінше «Астана су арнасы» - су үшін жауапты мекеме. Инвестициялық бағдарламаны орындауда аталған компанияларға ортақ бір проблема проблема бар. Ол - байқауда көбінесе жосықсыз компаниялардың жеңіп шығатыны. Соның салдарынан қызмет көрсетуші компаниялардың жұмысынан ақау шығып, жұмыс ақсап жатады. Сол сияқты кейбір жосықсыз мекемелер жобаны уақытылы аяқтамайды немесе сапасыз атқарады. Әрине бұл заңбұзушылық. Инвестициялық бағдарламаның орындалмауы анықталған жағдайда біз өз тарапымыздан заң аясында шара қабылдаймыз- дейді ол.

«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, өткен жылы аталған бағдарлама аясында жеке инвестиция көлемі 1 471 млн теңгені құраса, биыл 8 айдың қорытындысы бойынша 449 млн теңге инвестиция есебінен игерілген.


Соңғы жаңалықтар