Елордада халықаралық теннис турнирі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда ITF Juniors J3 санатындағы жасөспірімдер арасында «Nur-Sultan Open» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекені Халықаралық теннис қауымдастығы мен Қазақстан теннис федерациясы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Турнирге әлемнің 6 елінен, атап айтқанда, АҚШ, Германия, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Украинаның үздік жасөспірім теннсшілері келді. Қазақстан намысын еліміздің жас спортшылары – Николенко Татьяна, Карлова Елизавета, Сағындықова Аружан, Озерной Данил, Хайрутдинов Артур және басқалар қорғайды.

Жеңімпаз ITF жасөспірімдер рейтингінде 100 ұпай иеленеді. Жас теннисшілер әлемдік рейтингтегі орнын жақсартып қана қоймай, шетелдік жетекші ойыншылармен бақ сынасып, шеберлігін шыңдайды.

Коронавирустың алдын алу және карантин режимін сақтау мақсатында турнир көрермендердің қатысуынсыз өтеді.

Соңғы жаңалықтар