Елордада газ есептегіш құрылғылар тегін орнатылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-1/ЖЭО-2 газға көшіру және өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру үшін газ тарату желілерін салу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жабдықтарды бөлшектеуге кірісу, сыртқы желілер, және т. б. бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр. Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов күн сайын атқарылған жұмысты жіті тексеріп, жұмыс қарқынын төмендетпеу қажеттігін атап өтті. Қаланың өнеркәсіптік секторы мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді: келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный, Оңтүстік-Шығыс елді-мекендері газбен қамтылады. Екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ІКҚ), Тельман (3 ІКҚ), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ІКҚ) елді-мекендері қамтылады. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ІКҚ), Шұбар (3-ші ІКҚ), Өндіріс (4-ші ІКҚ) елді-мекендері газдандырылады. Іске асыру мерзімі-2020-2023 ж.

Қала тұрғындары үшін әкімдікпен ақысыз негізде есептегіштер қарастырылған. Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар