Елордада газ бағасы арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары үшін көгілдір отын бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның елорда филиалы үшін тауарлық газға бағаны: қосылған құн салығынсыз 1 текше метр үшін 30,9 мөлшерінде (ҚҚС-пен 1 текше метр үшін 34,6) бекітті. Жаңа тариф 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және бір жыл бойы осы деңгейде сақталады.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылары үшін тауарлық газды өткізудің түпкілікті бағасын есептеу кезінде, Энергетика министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген тауарлық газды көтерме саудада өткізудің қолданыстағы шекті бағалары ескерілді.

Тариф бұдан бұрын бірқатар БАҚ-та хабарланған болжамды тарифтен төменірек қалыптасқанын атап өтеміз», - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінен.


Соңғы жаңалықтар