Елордада есірткі зертханасын ашқан үш қазақстандық пен бір шетелдік ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада есірткі зертханасын ашқан үш қазақстандық пен бір шетелдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз ықзметіне сілтеме жасап.
30-31 шілдеде ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде Қазақстан Республикасының үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады.
«Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар. Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында «қойылма» деп аталатын жолмен жүзеге асырылған».
Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылды.
Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
- Петропавлда жаңа есірткі түрі - мефедрон сатқандар ұсталды
- Елордада есірткі сатушылар ұсталды
- Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуылдың жолы кесілді - ҚР ҰҚК
- Алматыда әлем тарихында көлемі жағынан екінші героин партиясы жойылды
-
Кәрім Мәсімов дауыс берді
-
Мойынқұм ауданының тұрғыны қорасында 3 қап есірткі сақтаған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам