+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Елордада ер адам өзі жалдаған пәтердегі теледидарларды ломбардқа өткізіп жіберген

2021 жылғы 31 шілде 11:15
Бөлісіңіз:
Елордада ер адам өзі жалдаған пәтердегі теледидарларды ломбардқа өткізіп жіберген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын өткізу барысында бұрын бірнеше рет сотталған адамды ұрлық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды, ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанның мониторингтік топтары карантин талабын бұзған 9 мекемені анықтады Қызылордалықтардың 72,7 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алды Қызылорда облысында 3 мыңнан астам нысан «Ashyq» жүйесімен жұмыс істеп тұр

Тергеу барысында оңай жолмен ақша таппақ болған ер адамның пәтер жалдап, ондағы теледидарларды тонап кеткені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 350 000 теңгені құрады.

Пәтер ақысын төлеп, ондағы мүлікке қол жеткізген күдікті жағдайды пайдаланып, пәтерден теледидарларды алып шығып, оларды ломбардқа өткізіп жіберген. Пәтер иелері затттарының жоғалғаны белгілі болғаннан кейін полицияға хабарлаған.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Ер адам қамауға алынды. Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі уақытта ұрлық жасады деген осыған ұқсас 5 факті тексерілуде, заттай айғақтар алынды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT