Елордада энтузиастер продюсерсіз, бюджетсіз криминалдық драма түсірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желіде Нұр-Сұлтан қаласының бір топ энтузиасі түсірген «Пустота» көркем фильмі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

AKMOLA MEDIA кинокомпаниясы түсірген криминалдық драмаға елордадағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Сергей Маштаков режиссер, Юлиан Савицкий оператор-қоюшы болған. Идея авторы – Вадим Жүсінбеков. Басты рөлде С.Маштаков пен В.Жүсінбековтен бөлек, Иван Анопченко, Светлана Фортуна, Екатерина Максим, Людмила Крючкова, Денис Анников ойнайды. Сонымен қатар түсірілімге танымал қазақстандық рекордшы Сергей Цырульников қатысты.

«Фильм «бюджетсіз» түсірілді, жігіттер энтузиазммен жұмыс істеді. Түсірілім қаланың оң жағалауында жүргізілді. Кадрлардан «Целиноградты» тану оңай. Актерлер құрамына, сондай-ақ біздің командамызға қолдау көрсеткен барлық жанға алғысымды білдіремін», - деп жазды С.Цырульников Instagram парақшасында,

Продюсерсіз әрі бюджетсіз. Өткен жылы кино туынды бұқаралық ақпарат құралдарында осылай жарнамаланған болатын. Алайда, коронавирусқа байланысты премьерасы созылып кеткен еді.

Фильмнің тұсаукесері YouTube-те өтіп, оны екі күннің ішінде 17,5 мың адам тамашалады.


Соңғы жаңалықтар