USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Елордада «Елім деп соққан жүрегім» атты концерт өтті

2021 жылғы 7 желтоқсан 21:02
Бөлісіңіз:
Елордада «Елім деп соққан жүрегім» атты концерт өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік күні қарсаңында елорда жұрты назарына «Елім деп соққан жүрегім» атты ән кеші ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде тарих, саясат, экономикамен қатар еліміздің мәдениет саласы да біраз асуды бағындырды. Бүгінгі концерт әрине Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Және онда отандық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан өнер қайраткерлерінің шығармалары орындалады. Ән кеші көрермендердің көңілінен шығады деген ойдамыз. Себебі бүгін халық сүйіп тыңдайтын әндер орындалады», - деді «Қазақконцерт» мемлекеттік мекемесінің директоры Жеңіс Сейдоллаұлы.

Оның айтуынша, әншілер шығармаларды оркестрмен, жанды дауыста орындайды. Және ұжым концертке 1 айға жуық дайындалыпты.

«Көптеген композиторлар, ақындар, театр, кино және телевизия жұлдыздары отандық мәдениет тарихында өздерінің жарқын іздерін қалдырып, өнерін туған еліне арнады. Олардың қалдырған мол мұрасы арқылы Қазақстан мәдениеті көркем туындылармен толыға түсті», - дейді ол.

Астаналықтардың алдында Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Ерлан Рысқали, Азамат Жылтыркөзов, Әміре, Рухия Байдүкенова және өзге де белгілі әртістер өнер көрсетті.

Елордадағы «Қазақстан» концерт залында өткен ән кешінде әртістер Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев, Сейдолла Байтереков, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев, Талғат Сарыбаев секілді танымал композиторлардың шығармаларын орындады.

«Бүгінгі концерт мен үшін ерекше. Себебі бұл ән кешінде халыққа кеңінен танымал орындалады. Демек халық бізбен бірге қосылып ән шырқайды деген сөз. Мен бүгін Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін шырқаймын», - дейді жас әнші Әміре.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT