11:14, 20 Қараша 2019 | GMT +6
Елордада екінші ауысымның 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деді қалалық Білім басқармасы.
Еске салсақ, бұған дейін елорда мектептерінде 0-ден 9-ыншы сыныпқа дейін сабақтар тоқтатылғаны туралы хабарлаған едік.
Синоптиктердің мәліметінше, осы уақытта Нұр-Сұлтанда -27 градус аяз тұр.