Елордада екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары сабаққа бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім басқармасының шешімі бойынша 13 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты (15 м/с екпіндегі жел) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, бүгін елордада бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар оқыған жоқ.



Соңғы жаңалықтар