Елордада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына да сабақ болмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушыларына да сабақ болмайды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Нұр–Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің II ауысымындағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, таңертең бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына аязға байланысты сабақ болмайтынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар