+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Елордада екі облыстың жәрмеңкесі өтіп жатыр

2021 жылғы 18 қыркүйек 21:44
Бөлісіңіз:
Елордада екі облыстың жәрмеңкесі өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындарына Атырау мен Жамбыл облыстары өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысы Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 550 тонна өнім әкелді Алдағы демалыс күндері елордадағы жәрмеңкеде Павлодар облысы өнімдерін ұсынады

Жәрмеңке дәстүрлі түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтті. Жалпы алғанда екі облыс елордаға 336 тонна өнім әкелді, ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылып жатыр.

«Бұл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Атырау облысы жалпы алғанда 152 тонна өнім әкеліп отыр. Оның ішінде 36 тоннадан астам балық және балық өнімдері, 20 тоннадан астам ет және ет өнімдері, үш тоннадай сүт өнімі бар. Атырау облысының тауар өндірушілері жеткізген өнімдерді алуға шақырамын», - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев.


Ал Жамбыл облысы елордаға 18 тонна ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті және құс еті), 3,5 тонна шұжық өнімі, 12,1 тонна сүт өнімі, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік өнім, 3 тонна макарон өнімі, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1 тонна кептірілген жеміс, сондай-ақ 128,6 тонна көкөніс пен жеміс жеткізіп отыр.


Айта кету керек, бүгінгі жәрмеңкеге бірнеше жүз қала тұрғыны келді. Нарық бағасынан төмен тауарлар – бұл астаналықтар үшін қорын толықтыруға және түрлі облыстың азық-түлік дәмін татуға тамаша мүмкіндік.


«Маған жәрмеңкеден сауда жасаған ұнайды. Себебі бағасы қолжетімді әрі таза өнім алуға болады. Әсіресе маған ұнағаны сүт өнімдерінің арзан бағада болуы. Мен жәрмеңкеге әр демалыс сайын келемін. Келген сайын әр облыстың өнімдерінің дәмін татып, өз бағамды беріп отырамын. Осындай халыққа тиімді жәрмеңкені ұйымдастырғандарға рақметімді айтқым келеді», - деді қала тұрғыны Нұркен Тойғанбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы апта сайынғы жәрмеңке 31 қазанға дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT