Елордада екі күнде 10 мас жүргізуші ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасының екі күнінде көлікті мас күйде жүргізген 10 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жүргізушілердің барлығы 15 күнге қамалды. Олар 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

«Жауапкершіліктің күшейтілгеніне қарамастан көлікті мас күйде жүргізетіндер әлі де бар. Осының салдарынан кейде қайғылы жағдайлар болып жатады», - деді департаменттен.

Мәселен, 19 қараша күні Мәскеу көшесінде патрульдік полиция түнде «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің баяу қозғалып келе жатқанын көріп, оны тоқтатқан. Көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшысы алкогольдің иісін сезіп қалады. Ер адамды көлік жүргізу мүмкіндігінен шектеген полицей, оған медициналық куәландырудан өтуді ұсынған. Артынша дәрігер-наркологтың қорытындысы бойынша ер адамның орта дәрежеде мас болғаны анықталды. ҚР Әкімшілік кодекстің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Алда оны сот күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар