Елордада екі бағыттағы жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты елордада екі бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 наурызда сағат 16:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) республикалық «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1 291-1 426 шақырымында (Нұр-Сұлтан қаласынан Теміртау қаласына дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.

Бүгін сағат 16:10-нан бастап қолайсыз ауа райына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) республикалық «Нұр-Сұлтан қаласы-Қабанбай батыр ауылы-Киевка кенті-Теміртау қаласы» автожолында (16-32 шақырым, Нұр-Сұлтан –Қабанбай батыр ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар