Елордада егіздерге бір балабақшаға орын таңдап беретін жүйе іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі егіз бала үшін балабақшаға орын алуға «пакеттік» режімді іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің орынбасары Малика Бектұровағасілтеме жасап.

«Ата-аналар бізге балабақшаға барудағы кейбір проблемаларды анықтауға көмектесті. Солардың бірі егіз балаларға арналған орындар болатын. Бұрын егіздерге орынды жеке-жеке іздеу керек болатын. Сондықтан бір балабақшаға және бір топқа жолдама алу мүмкін болмады. Енді, егер сіздің жеке кабинетіңізде егіз баланың кезекте тұру бойынша бірнеше өтініш болса, жүйе оны анықтауға көмектеседі», - дейді М.Бектұрова.

Атап айтқанда, e.astana.kz сайтында балаларыңыздың біріне жолдаманы рәсімдейсіз, ал бағдарлама егіздің екіншісіне орын табуға көмектеседі.

Бұл қалай жұмыс істейді?

• Біріншіден, бағдарлама сол топта орын табуға тырысады.

• Егер ол болмай қалса, жүйе басқа топтарда да іздеп көреді.

• Егер орындар жеткіліксіз болса, онда іздеу нәтижесі сәтсіз болғандығы туралы мәлімет беріледі.

• Егер өтініш беруші жүйе таңдаған орындарға қанағаттанса, онда ол таңдауды растайды немесе одан бас тарта алады. Растаған жағдайда «жолдаманы алу» түймесі басылып, жүйе егіздерге дереу жолдама береді.




Соңғы жаңалықтар