Елордада демалыс күндергі жәрмеңкелер қараша айына дейін жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер қараша айына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің ең алғашқысы өткен демалыс күні Сарыарқа ауданында өтті. Қосшығұлұлы, 14 мекенжайында жұртшылық азық-түлік өнімдерін нарық құнынан төмен бағамен сатып ала алды. Жәрмеңке әр сенбі және жексенбі сайын қараша айына дейін өтеді.

«Осы демалыс күндері Сарыарқа ауданында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды. Мұнда тауар өндірушілер өз өнімдерін алыпсатар делдалдарсыз сата алады. Сол себепті азық-түлік бағасы арзан күйде саудаланады. Қала тұрғындарына қажетті азық-түлік өнімдерінің бәрі ұсынылған: ет, сүт өнімдері, көкөніс, май, жарма, бал секілді түрлі өнімдер бар», - деді жәрмеңке ұйымдастырушысы Айтуған Күзербаев.

Жәрмеңкеге Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері және Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысуда. Барлық өнімнің сапа сертификаты бар.


Соңғы жаңалықтар