Елордада COVID-19 індетінің өсуі байқалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада COVID-19 инфекциясының апталық өсімі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Індеттің өсуі қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтық ережелерін және басқа да санитарлық талаптарды бұзуымен байланысты болып отыр. Осыған байланысты рейдтер күшейтілмек.
Санитарлық шаралар сақталмаса жағдай кез келген уақытта нашарлауы мүмкін.

«Егер халық арасында жұқтыру саны артатын болса, біз қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен немесе бірден енгізуге мәжбүр боламыз. Ауырып қалуымыз тікелей өзімізге байланысты. Мұны есте сақтау қажет. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қазір «тұрақсыз». Алайда тұрғындар медициналық маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар өткізбеу, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу сияқты қарапайым ережелерді бұлжытпай сақтайтын болса, қатаң шаралар қабылдау туралы ойымыздан бас тартуымыз мүмкін», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.


Соңғы жаңалықтар