Елордада «бомба қойылған» түнгі клубтан 50 адам эвакуацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері «мина қойылды» деп хабарлама түскен түнгі клубтан 50 адамды қауіпсіз жерге көшірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 желтоқсан сағат 04.20-да ойын-сауық мекемесіне келген бір әйел «102»-ге қоңырау шалып, белгісіз біреудің Бейбітшілік көшесіндегі түнгі клубқа мина қойып кеткенін айтты. Барлық жедел қызмет түрі дереу оқиға орнына аттанды. Көп өтпей бұрын сотты болған 30 жастағы астаналық тұрғын ұсталды. Ұсталған азамат мас болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

Полиция тексерісі барысында түнгі клубтан қауіпті және тыйым салынған зат табылған жоқ. 50-ден астам келуші мен түнгі клуб қызметкері эвакуацияланған.

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары жалған хабарлама таратқан адамның қылмыстық жауапкершілік тартылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар