Елордада Бөгенбай даңғылының бойындағы көпір жөнделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына ішінара шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

«16 қаңтардан 1 қазанға дейін темір жол үстінен өтетін көпірдің тірек бөлігінің күрделі жөнделуіне байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы Ш.Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді», делінген хабарламада.

Қозғалысты ішінара шектеуге байланысты әр бағыттағы 4 жолақтың 2-уі жабылды.

Аталған учаскедегі жүктемені азайту үшін көпірден түскен көліктерге солға Ш.Уәлиханов көшесіне қарай бұрылуға уақытша тыйым салынған.

Жолдарда кептеліс болдырмау үшін тұрғындар баратын жерлеріне бағытты алдын-ала жоспарлау қажеттілігі ескертіледі.


Соңғы жаңалықтар