Елордада «Biz birgemiz!» ұранымен бейбіт митинг өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Жерұйық» паркінде «Biz birgemiz!» деген ұранмен бейбіт митинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рұқсат етілген митинг негізінен елдің бірлігіне, қоғамда орын алып жатқан мәселелерге арналған. Сонымен қатар, онда сөз сөйлегендер негізінен қоғамның көңілін сырттан келіп жатқан түрлі идеяларға сенбей, елдің тұтастығына, мемелкет тарапынан қабылданып жатқан әлеуметтік бағдарламаларды қолдауға шақырды. Мәселен, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан ел халқын шетен жасалған арандатушылыққа ермеуге шақырды.

«Тәуелсіздік жылдарында жетістіктер аз емес. Қай ел кейінгі 20-30 жылда астана салыпты, қай ел өзінің қандастарын сырттан алдырыпты? Бүгінде бірнеше елден бауырларымыз қоныс аударды. Қарап отырсақ, қаншама жетістіктер бар. Осының барлығынан айырылып қалу қандай азап, қасірет екенін білесіздер ме? Бізді тарихы 2-3 ғасырға созылған Еуропа елдерімен салыстырып жатады. Оны қалай салыстырасыз, кеше ғана бұғаудан шықтық. Енді есімізді жиып келе жатқанда бізге сабыр мен шүкіршілік керек», - деді Б. Тілеухан
null

Өз кезегінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы отбасылық құндылық мәселелеріне тоқталды.

«Әркім өз отбасына ие болуы керек. Ер азамат - алған әйеліңді, перзентіңді жылатпа! Әйелдерді көшеге шығарып қойып, жігіттердің үйде отырғаны жараспайды. Отбасының жауапкершілігі ер азаматта. Мұнымен қоса, әйелдер қауымы ер азаматтарымызды бағалауды ұпытпайық», - деді О. Асанғазы.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге, ұлттық мүддені қорғауға уәде еткенін айта келе: «Барлықтарыңызды проблемаларды бірге шешуге, жақсылыққа сенуді, арсыздар мен арандатушылыққа ермеуді, намысты қолдан бермеуді, биікке ғана өрлеуді мақсат тұтсақ деп барша қазақстандықтарды шақырамын. Қазақстан біздің ортақ жеріміз! Ал біздің жерімізде әрқашан да бейбітшілік пен тұрақтылық қажет», - деді.

Айта кетейік, бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында санкцияланған митингтер өтіп жатыр.

null

Соңғы жаңалықтар