+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Елордада «Біз біргеміз» челленджі басталды

2020 жылғы 23 қаңтар 03:52
Бөлісіңіз:
Елордада «Біз біргеміз» челленджі басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Біз біргеміз: Семейлік еріктілер мешітті тазалады Қарағандылық жастар «Birgemiz» жалпы облыстық акциясына қатысты Қолданыстағы заң қар тасуға мүмкіндік бермейді – Жүк тасымалдаушылар қауымдастығы

Жастар тұрғындарды ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады. Волонтерлер аталмыш челленджді бастау идеясын қалың қардың түсуі мен коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетумен байланыстырады.


Бүгінгі күннің өзінде елорда еріктілерін белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері қолдады.


«Біздің қаламыз, еліміз - ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз», - деді Тұрсынбек Қабатов. Сонымен қатар, ол эстафетаны «Формат» тобына, «А.И.» музыкалық-театр орталығы мен «Астана» футбол клубына табыс етті.

Бұл орайда қар тазалау бойынша акцияны волонтерлер үнемі өткізіп тұратындығын айта кеткен жөн.

Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл «Волонтерлер жылы» болып жарияланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT