Елордада бірнеше қонақ үйде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері қаладағы қонақ үйлерде ұрлықпен айналысқан күдіктіні ұстады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Криминалдық полиция қызметкерлері бұған дейін сотты болған 36 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу барысында оның бұған дейін жасалған қылмыстарға қатысты бар екендігі анықталды. Күдікті күзет қызметі жоқ шағын қонақ үйлерді таңдап алып, өзіне сезік түсірмеу үшін сөмкемен кіріп, ұрлық жасап жүрген. Мәселен, түскі ас уақытында Момышұлы даңғылы бойындағы қонақ үйге кірген. Алдымен жан-жағына барлау жасап алу үшін холлда отырып, содан кейін бөлмелерді тексеруге кіріскен. Есігі ашық тұрған бөлмелердің бірінде ілініп тұрған пиджактың қалтасынан 260 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Кейінірек бөлмеде қонақ үйдің әкімшісі тұратындығы, есігін құлыптауды ұмытып кеткені анықталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді департаменттен.

Осыған орай ведомство қонақ үй әкімшілеріне келушілердің қауіпсіздігі мен мүлкін қорғау үшін тәулік бойы күзет қызметімен қамтамасыз етуге, сапалы күзет дабылын орнатуға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар