Елордада бір аптада алимент бойынша қарыз иелерінен 8 млн теңге өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында алименттен жалтарып жүргендерді іздестіру бойынша рейд өткізіліп жатыр. Рейд шараларына полиция департаменті мен жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасының қызметкерлері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір аптаның ішінде ғана – дүйсенбіден жұмаға дейін біз қарыз иелерінен 8 млн теңге өндірдік. Алименттен жалтарып жүрген азаматтарды іздеп тауып, әңгімелестік. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін балалары үшін алиментін жапқандар болды. Ақша берілгеннен кейін әйелдері сот орындаушылардан бұрынғы күйеулерінің шоттарын бұғаттауды өтінді. Арыз жазды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Қазіргі уақытта алимент өндіру бойынша атқарылуы тиіс құжаттардың саны 14 342 материалға жеткен. Олардың 7 307-і бойынша алимент төленуде, яғни айлықтарынан ақша алынып жатыр. Іздеуде жүргендіктен 1 036 іс тоқтап тұр. 5 999 іс бойынша сот орындаушылары жұмыс жүргізіп, мәжбүрлі сипаттағы шараларды қабылдауда.


Соңғы жаңалықтар