Елордада білім беру бағдарламаларын құрудың негізгі ұстанымдары талқыланбақ

None
None
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Ақпанның 15-інде елордадағы Қазақ гуманитарлық заң академиясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Қазақстан Республикасында кредиттерді аудару еуропалық жүйелерінің үлгісі (ECTS) бойынша кредиттік технологиялар жөніндегі сынақ балдарының жүйелерін әзірлеу және енгізу» жобасы шеңберінде семинар өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, ЖОО-лардың проректорлары, сонымен қатар білім беру саласындағы шетелдік мамандар қатыспақ.

Ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі мақсаты ретінде жоғары білім берудің сапасын және тартымдылығын одан әрі арттыруды, студенттер мен оқытушылардың академиялық жеделдігін дамытуды және еуропалық білім беруге қол жетімділікті кеңейтуді алға қойып отыр. Семинар барысында Болон процесіне қатысу болашағын, еліміздегі жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру жүйесіне ECTS енгізу тетіктерін, еуропалық кредит жүйесіне көшудің нормативтік-құқықтық құжаттарының жобасын, білім беру бағдарламаларын құрудың негізгі ұстанымдарын талқылау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар