Елордада бетпердені қандай дәріханалардан сатып алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың дәріханаларында медициналық бетперде мен антисептик құралдарға деген сұраныс айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бетперде мен антисептик құралдар дәріханаларға уақытында жеткізілгендіктен, онда ұзын-сонар кезек байқалмайды.

«Бетперде, қолғап, антисептик құралдар жеткілікті. Біздің дәріхана бұрынғы кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Ұзын-сонар кезек жоқ. Барлық тауар бізге уақытында жеткізіледі», - дейді дәріхана қызметкері Динара Аманбаева.

Қала тұрғындарының айтуына қарағанда, бетперде мен антисептик құралдарды олар еш қиындықсыз үйінің жанындағы дәріханадан сатып алуда.

«Бетпердені мен үйдің жанынан 70 теңгеге сатып алдым. Тапшылық, ұзын-сонар кезек жоқ. Бетперде де, антисептик құрал да, қолғапта да сатылымда», – деді елорда тұрғыны Алтыншаш.

«Мен бетперде сатып алу үшін келдім. Барлығы сатылымда. Кезек те жоқ. Жағдай бір қалыпты. Дәріханалардың алыпсатарлық ниеті жоқ. Бағалар да көтерілмеген», - деді сұраққа жауап берген тағы да бір қала тұрғыны Қанат. Бұдан бұрын бетпердені мына мекенжайларда алуға болатындығы хабарланды

Тұран даңғылы 37-үй;

Достық көшесі 18-үй;

Сарыарқа даңғылы 3-үй;

Қонаев көшесі 14/2-үй;

Ахмет Байтұрсынұлы көшесі 3-үй;

Қабанбай батыр даңғылы 21-үй;

№ 90 дәріхана Б.Момышұлы даңғылы 16-үй;

Тәуелсіздік даңғылы 21/4-үй;

Шәймерден Қосшығұлұлы 3/1-үй;

Мәңгілік ел даңғылы 19-үй;

Сарайшық көшесі 5-үй;

Қаныш Сәтбаев көшесі 23/1-үй;

Жансүгірұлы көшесі 8/1-үй;

Мәңгілік ел даңғылы 53-үй;

Мәңгілік ел даңғылы 35-үй;

Ұлы дала даңғылы 6/1-үй;

Бараев көшесі 21-үй;

Сауран көшесі 3/1-үй;

№276 дәріхана, Рысқұлбеков көшесі 16/3-үй;

Кеңесары көшесі 47-үй;

Иманбаева көшесі 8-үй;

Жанайдар Жирентаев көшесі 2-үй;

№280 дәріхана, Мәлік Ғабдуллин көшесі 16-үй;

Сығанақ даңғылы 15-үй;

А.Иманов көшесі 50-үй;

№62 дәріхана ПТ, Алаш даңғылы 23/1-үй;

Тұран даңғылы 55-үй;

Тәуелсіздік даңғылы 32-үй.


Соңғы жаңалықтар