Елордада белсенді әкелер бас қосты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 31 қазанда Республикалық Әкелер форумы аясында онлайн режимде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Баймановтың қатысуымен «Қазіргі әлемдегі әкенің рөлі» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы аясында «En baqytty el» ҚҚ-мен ұйымдастырылды.

Диалог алаңының жұмысына Минск қаласының «Әкелер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы А.Величко (Беларусь Республикасы), Шымкент қаласының әкелер кеңесінің басшысы, судья Е.Отарбаев, «UNFPA Қазақстан» өкілі Ю.Лысенкова, қоғам қайраткерлері, тәжірибелі психологтар мен Қазақстанның белсенді әкелері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.Байманов отбасы саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар, отбасы институтын нығайту және қолдау бойынша іске асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар туралы баяндады.

Минск қаласының «Әкелер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы А.Величко әкелерді қоғамдастыққа тарту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Шымкент қаласы әкелер кеңесінің басшысы, судья Е.Отарбаев мектептерде әкелерді біріктірудегі өз тәжірибесі туралы айтып өтті.

Ю.Лысенкова «UNFPA Қазақстан» ұйымының әке институтын дамыту жөніндегі қызметі және осы бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулері туралы қатысушыларды хабардар етті.

Қатысушылар диалог алаңы шеңберінде әкелерді тәрбие процесіне жұмылдыру, Қазақстан мектептерінде әкелер бірлестіктерінің желісін дамыту, отбасын қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша ұсынымдар енгізді.

Сондай-ақ, форум аясында «Жауапты әке болуды қалыптастыру құралдары», «Толық емес отбасынан шыққан жасөспірімдерде әке болу туралы түсініктерді қалыптастыру», «Агрессивті ерлердің көмекке жүгінуінің психологиялық практикасы» тақырыптарында мастер-класстар, конкурстар мен акциялар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар