Елордада базар өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Әмір» әмбебап базары аумағында өрт болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 16-14-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшесіне Алаш тас жолы 29/2 мекенжайынан шақырту түсті. Оқиға орнына барған кезде «Әмір« әмбебап базарында болжамды аумағы 300 шаршы метр болатын қойма ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны анықталды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Өрт сөндірушілер сағат 17-08-де жалынның бетін қайтарды. Қазіргі уақытта өртті толықтай сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру қызметінің 32 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған.

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады департаменттен.



Соңғы жаңалықтар