Елордада балаларды қорғау күніне орай қандай шаралар өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Аталған мереке жыл сайын ел көлемінде аталып өтеді. Осы орайда ҚазАқпарат бүлдіршіндердің мерекесіне орай елордада өтетін мәдени-ағарту және спорттық іс-шаралардың жоспарын ұсынады.

1 маусым күні сағат 19:00-де балаларға арнап мемлекеттік академиялық филармониясы «Ертегілер әлемі» мерекелік концертін ұсынады.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астаналық цирк «Цирк – ғажайыптар елі» мерекелік бағдарламасына шақырады. Цирк қойылымы 1 маусым күні сағат 10:00, 12:00 және 16:00-ге жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ертең сағат 11:00-де М. Горький атындағы қалалық театр А.Болдиновтың «Приключения Аистенка» ертегісін сахналайды.

1, 3-6 маусым күндері елордадағы қуыршақ театрында бүлдіршіндер М.Арғымбаеваның «Мультфильмдер әлеміне саяхат» мюзиклін тамашалай алады.

Айтулы мереке күні «Nomad City Hall» театрында балалар күніне орайластырылған қайырымдылық іс-шарасы өтеді.

Музыкалық жас көрермен театры 1 маусым күні сағат 14:00-де «Күлше қыз» музыкалық ертегісін ұсынады, сол күні сағат 19:00-де «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы өтеді.

Сол сияқты 1 маусым күні сағат 10:00-де «Наз» мемлекеттік би театры «Балалық шақ – балдәурен» концерттік бағдарламасына және 17:00-де «U-SANA» хореографиялық спектакліне шақырады.

Одан бөлек, балалар мерекесіне орай қалада бірқатар ағарту іс-шарасы жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, 1 маусым күні № 2 бұқаралық кітапханада «Бала деген бір бақыт!» іс-шарасы, №5 бұқаралық кітапханада кітап көрмесі, «Родом из детства» балалар шығармашылығының инсталляциясы, №7 бұқаралық кітапханада «Бала біздің бақытымыз» әдеби кеші, № 9 бұқаралық кітапханасында «Балаларға арналған қызықты ойын-сауық сағаты ұйымдастыру» ойын-сауық сағаты, №10 бұқаралық кітапханада «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік кеші, орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасында «Ашық аспан астындағы сурет галереясы» ашылады.

Сонымен қатар № 2 Балалар кітапханасында «Ах, эта дивная пора» ойын бағдарламасы, №3 балалар кітапханасында «1 маусым Балаларды қорғау күні» мерекелік кеші, №4 балалар кітапханасында «Корзинка вкусных загадок» әдеби-ойын-сауық ойыны және ««Украсим детство радугой любви!», №8 балалар кітапханасында «Пусть детство дивное смеётся!» ағарту шарасы өтеді.

Бұл күні қалалық музейлер де балаларға базарлығын әзірлеп отыр.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде 1 маусым күні «Балалық балғын шақтар-ай» тақырыбында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылады.

Қаладағы Сәкен Сейфуллин атындағы музейде 1 маусымда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлының «Балаларға балдай жыр» атты балаларға арналған өлеңдер жинағы таныстырылады.

Енді балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық іс-шараларға тоқталып өтсек.

Ертең «Даулет» теннис орталығы мекереге орай ашық есік күнін өткізеді.

Спорттық іс-шараның мақсаты - инклюзивті спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және балаларға спортты көңілді ойын түрінде таныстыру.

Мерекелік жиын бір уақытта үш жерде ұйымдастырылады. Яғни «Даулет» теннис орталығында, Ботаникалық саябақтағы теннис кортында және «Көктал» саябағындағы теннис кортында.

Аталған шара сағат 12:00-де (қатысушыларды тіркеу 11:30-ға жоспарланып отыр) басталады.

Ашық есік күні аясында 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды спортқа қызықтыру үшін түрлі тапсырмалар, эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, балаларға кептірілген жемістер, сусындар мен тағамдар ұсынылады.

Бұдан бөлек, 1 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен қаланың 4 ауданыңда спорттық бағдарлама өткізеді.

Оның ішінде Байқоңыр ауданыңда «Көңілді старт» жарысы.

Өтетін орны және уақыты: 1 маусым сағат 11:00-де

Шет және Жолымбет көшелерінің қиылысы

Келесі «Алматы» ауданыңда өтетін мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Велошабандоздар» байқауы.

Өтетін орны және уақыты: 1 маусым сағат 11:00-де «Жастар» саябағы

Сол сияқты «Сарыарқа» ауданыңда да «Көңілді старт» жарысы өтеді.

Өтетін орны және уақыты: 1 маусым сағат 10:00 -де Көктал саябағы.


Соңғы жаңалықтар