Елордада бала күтушісі үй иесінен 2 смартфон ұрлап кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 25 жастағы бала күтушісі жұмыс берушісінен қымбат 2 смартфон ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында күдікті қыздың 4 ай бала күтушісі болып жұмыс істегені анықталған. Ол жұмыстан шығар алдында жұмыс берушілерінің пәтерінен «iPhone» және «Samsung» смартфонын ұрлап кетіп, сатып жіберген. Телефондардың жоғалуын бала күтушісінің жұмыстан шығуымен байланыстырған отбасылық жұп полицияға жүгінген.

«Ұсталған азаматша кінәсін мойындап жауап берді. Оның айтуынша, баланы бағып-қаққан пәтерде бірнеше смарфтон болған және үй қожайындары ұрлықтың болғанын байқамай қалады деп үміттенген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда, ұсталған азаматшаның елорда аумағында бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар