Елордада азық-түлік бағасын көтерген 4 дүкен жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін күн сайын мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, 8 бизнес субъектісінде сауда үстемесінен асып кету белгілері анықталды. Әкімдік аталған нысандарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп, «ескерту» түрінде ұйғарымдар шығарған.

Ал 4 дүкенге қатысты бағаны көтергені үшін әкімшілік шаралар қабылданды. Олар: «Элит Ет» дүкендері (Қонаев көшесі, 14), «Алтай» (Сырым батыр көшесі), Ет дүкені (Тілендиев даңғылы, 36) және «Жастар» СҮ (Кравцов көшесі, 6).

Әкімдік мәліметінше, баға көтерілген жағдайда кәсіпкерлерге ең қатаң шаралар қолданылатын болады.

Бағаның өсуіне қатысты ақпаратты (сауда нысанының мекенжайы, тауар маркасы және бағасы көрсетілген) Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, тел.: 55-68-99, 55-69-78, 55-68-08, немесе ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «жедел желі» номерлеріне қоңырау шалу арқылы жеткізуге болады: 8 (7172) 75-04-65, 74-27-38, 65-16-86, 8 778 668 1841, 8 775 592 6169, 8 701 800 39 38, 8 705 424 36 84.


Соңғы жаңалықтар