+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Елордада «Азаматтық алаңның» бірінші отырысы өтті

2020 жылғы 20 ақпан 14:20
Бөлісіңіз:
Елордада «Азаматтық алаңның» бірінші отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Азаматтық алаң» пікірталас алаңының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көрісу мерекесінің тәрбиелік мән-маңызы да ерекше – тарихшы Саялбек Ғиззатов Шымкентте алғаш рет «Көрпе fest» мегафестивалі өтуде «Өзгерістердің саруарлары» байқауына өтініш қабылдау аяқталды

«2017 жылы Орталық сарапшылық кеңес құрылған болатын, Кеңес мүшелері 1 500-ден астам сарапшылық қорытынды мен 215 сарапшылық ұсыныс әзірледі. Отырыс барысында Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орталық сарапшылық кеңес қызметінің қорытындысын талқылайтын боламыз», - деді жиынды ашқан Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов.

Өз кезегінде Орталық сарапшылық кеңес төрағасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жұмысты ұйымдастыру барысында туындаған қиындықтарға қарамастан кеңес мүшелері бағдарламаның барлық бағыттары бойынша тыңғылық іс атқарғандығын баса айтты. Сонымен қатар сарапшылық алаң құрылғандығын атап өтті.

«Кеңес мүшелері 100-ден астам сараптамалық ұсыным берді. Бағдарламаның тұжырымдамалық идеясын түсіндіру мақсатында кеңес мүшелері дәрістер оқып, ұйымдық жұмыстар жүргізді. Ай сайын орталық және өңірлік кеңестерде «Сарапшы күні» акциясы өткізілді. Біз «100 жаңа оқулық», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Туған жер» арнаулы жобаларын табысты жүзеге асыруға жәрдемдестік», - деді Ерлан Сыдықов.

Отырысқа қатысушылар шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды тойлауға айрықша назар аударып, оны 14-22 наурыз аралығында атап өтуді ұсынды. Осы ретте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов кеңес мүшелерінің Наурыз мейрамын тойлауға қатысты барлық ұсыныстары қаперге алынатындығын айтты.

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында азаматтық қоғаммен барынша тығыз байланысты қамтамасыз ету үшін Орталық сарапшылық кеңес атауын Қазақстанның қоғамдық даму институты базасындағы «Азаматтық алаң» пікірталас алаңы деп өзгерту туралы шешім қабылданған.

Аталған алаңның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға халықты барынша белсенді тарту.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT