Елордада аяз: Бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - деді қалалық Білім басқармасынан.

Осы уақытта Нұр-Сұлтанда аздаған қар жауып, термометр бағаны -25 градусты көрсетіп тұр. Сезілу -36 градус.

Еске салайық, ауа райына байланысты Атырау облысында да кезекші сыныптар онлайн оқу форматына көшірілді.

Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяздар сақталатынын ескерткен болатын. Сондай-ақ жекелеген өңірде қар жауып, боран соғатыны айтылды.


Соңғы жаңалықтар