+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Елордада автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған куәлік бергендер ісі тергелуде

2020 жылғы 28 қазан 13:31
Бөлісіңіз:
Елордада автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған куәлік бергендер ісі тергелуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тарапынан автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған құжат бергендер ісі тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Call орталыққа 25 мыңнан астам хабарлама түсті Данияр Сабырбаев: Жемқорлықпен күрес - бұл парасаттылық идеологиясын қалыптастыру Сайрам ауданында ауыл әкімдігінің кеңсесі «Адалдық алаңына» айналды

Аталған департамент басшысы Шыңғыс Қабдуланың айтуынша, қалалық мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған куәлік беруді ұйымдастырған күдіктілер тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Тергеу амалдары барысында мектепті аяқтағаны туралы қолтаңба мен мөр басылған куәліктердің бланкілері анықталды. Осы іске байланысты күдіктілер ұсталды. Қылмыстық қудалау шараларымен жүргізуші куәлігін заңсыз алғандар қамтылып отыр. Біз осы адамдарды анықтаумен айналысудамыз. Бізде 3 мыңнан астам осындай заңсыз куәлік берілген», - деді Шыңғыс Қабдула Astana Adaldyq Alańy-ның әлеуметтік желідегі парақшасында өткен брифингіде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 9 айда департамент тарапынан 177 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT