Елордада Astana Mining&Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл форум алғаш рет 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен және тікелей қатысуымен өткізілген. Бүгінгі таңда «АММ» Конгресі тау-кен металлургия кешеніндегі маңызды мәселелерді талқылау және шешуге арналған халықаралық алаңына айналды. Тау-кен металлургия кешені Қазақстан экономикасының локомотиві саналады. Оның үлесіне елдің жалпы ішкі өнімнің 8,2 пайызына жуығы, ұлттық экспорттың 24 пайызы тиесілі және мұнда 230 мың отандасымыз қажырлы еңбек етуде», - деді конгрестің ашылуында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев.

Екі күн ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық салалық сарапшылар, ірі компаниялардың бас директорлары, сервистік кәсіпорындардың ТОП-менеджерлері тау-кен металлургия саласының мәселелері мен оның даму жайын талқылайды.

АММ конгресі - сала мамандары кездесетін, уағдаластыққа қол жеткізетін, келісімдер мен келісім-шарттар жасалатын тиімді алаңға айналды. Іс-шараға шетел мамандарының қатысуы тәжірибе алмасуға және жаңа шешімдерді қабылдауға ықпал етеді.

Бұл форум алғаш рет 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен және тікелей қатысуымен өтті. Бүгінде «АММ» конгресі тау-кен металлургия кешеніндегі маңызды мәселелерді талқылау және шешу үшін маңызды халықаралық алаң болып табылады.

Биылғы шараның басты тақырыбы «Пандемия жағдайында әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу векторлары». Жалпы конгресс бағдарламасы жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер бойынша сессияларды, геологиялық барлау, 4.0 индустриясында жаңа құзыреттерді дамыту мәселелері бойынша шеберлік сыныптарын қамтитын болады.

Қазақстан ТКМК саласының болашағы-геологиялық барлауға инвестиция салу, сапалы кадрлық әлеуетті дамыту және жаңа технологияларды енгізумен байланысты. Сол себепті конгресс бағдарламасын сапалы толтыру саланың проблемалық мәселелерін барынша толық ашуға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар