Елордада Астана клубының алтыншы отырысы жұмысын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Астана клубының 6-отырысы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік экономика және саясат институты мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырып жатқан іс-шара «Пандемиядан кейінгі жаңа әлем» тақырыбына арналып отыр.

«Астана клубының» алтыншы отырысына әлемнің 50-ден астам беделді спикері қатысуда.

Олардың қатарында бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, зерттеу орталықтары және халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері бар.

3 күнге жоспарланған алқалы жиын барысында 13 кездесу өтіп, онда «Коронавирус пандемиясы: қауіп жағдайында қалпына келу, COVID-19 жаңа мутациялары мен бөлінген әлем үшін салдары»; «Ұлттық мүдделер дәуірі: ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің реконфигурациясы»; «Жасыл трансформация және жаңа климаттық күн тәртібінің дамушы елдерге тигізетін әсері»; «Әлемдік экономикадағы теңсіздіктер: дамушы елдер алдындағы сын қатерлер»; «Ұлы бөлініс: жаһанданудың жаңа архитектурасы қандай болады?»; «АҚШ-Қытай текетіресі: әлем экономикасы мен геосаясатына әсерлері»; «Батыс vs Ресей: Еуразиялық экономикалық одақ үшін салдары»; «Ауғанстан болашағы және оның Орталық Азия аймағына әсерлері» сынды тақырыптар талқыланбақ.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Chatham house» ережесіне сәйкес Астана клубтың отырысы жабық өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар