+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Елордада арзандатылған бағамен 8 мыңнан астам пәтер сатылады

2020 жылғы 22 мамыр 18:41
Бөлісіңіз:
Елордада арзандатылған бағамен 8 мыңнан астам пәтер сатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтай Көлгінов құрылыс компаниялары басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Онлайн-жиналыста алдын ала жобалаудың дайындығы, жеке жобалауды жоспарлау, инженерлік желілер мен жүйелердің орнатылуы және т.б. мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл құрылыс көлемі артады. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында жеңілдетілген бағамен сатылатын 8 мыңнан астам пәтер салынады (2019 жылы 2900 пәтер пайдалануға берілді).

Жалпы, биыл тұрғын үйдің жалпы көлемі шамамен 3 миллион шаршы метрге жетті. Жыл басынан бері елордада 637 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

«Біз бірлесе алдымызға ортақ міндет қойып, жұмыс жасаудамыз. Ол – азаматтарымыз үшін үй салу. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, құрылыс көлемін арттырамыз, жеңілдетілген бағамен берілетін 8 мыңнан астам пәтер саламыз. Мысалы, өткен жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынды. Әлеуметтік тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға арналған. Яғни, бұл аз қамтылған азаматтар санаты, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кезекте тұрған салымшылары. Біз баспанаға кезекті мейлінше жылдамдатуға тырысамыз. Өз тарапымыздан сіздерді қолдауға әзірміз. Бюрократия болмауы керек, қажет болған жағдайда әр құрылыс компаниясымен жеке жұмыс істейміз. Сондай-ақ биыл келесі жылға да жоспар дайындау қажет», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. Алтай Көлгінов жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңа кадрлар алу керектігін де айтты.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар объектілерде маска кию, қашықтық сақтау, санитарлық тазартқыштар мен дезинфекция құралдарын орнату сияқты қатаң санитарлық ережелерді сақтау қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкім, Тұрғын үй,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT