+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елордада Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті

2021 жылғы 23 қазан 00:13
Бөлісіңіз:
Елордада  Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада аңызға айналған әнші Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана опера театрына сілтеме жасап.

ҚазКСР және КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, әйгілі тенор Әлібек Дінішев 22 қазанда «Астана Опера» сахнасында мерейтойлық концертпен өнер көрсетті. Шығармашылық кешті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткізді. Сүйікті өнерпазын сахнадан жібергісі келмеген көрермен қауым үшін әнші музыкалық шлягерге айналған туындысын биске тамаша орындап берді.

Мазмұнды бағдарламаға «Астана Опера» театрының хоры және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляковтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қатысты.

Әлібек Дінішев баршаға сүйікті «Люблю тебя, мой край родной…» әнімен концерттің шымылдығын ашты. Сондай-ақ жиналған жұрт Әлібек Мұсаұлының тамаша орындауындағы Абайдың «Желсiз түнде жарық-ай», Жаяу Мұсаның «Ақсиса», «Ақбақай» халық әндеріне жоғары бағасын берді. Залдағы көрермендер М.Блантер, И.Сельвинскийдің «За высокими горами», В.Соловьев-Седой, М.Исаковскийдің «Услышь меня, хорошая», А.Бабаджанян, Р.Рождественскийдің «Зимняя любовь», А.Бабаджанянның «Загадай желание» сияқты танымал шығармаларды атақты әртіспен бірге қосылып шырқады.

Бұдан бөлек, кеш бағдарламасында Дж.Каччинидің «Ave Maria», Ф.П.Тости, Г.Д’Аннунционың «’AVucchella», А.Лараның «Solamente una vez» және тағы басқа батыс еуропалық репертуардың көптеген әндері ұсынылды.

Көрермен қауым сүйікті әртісін ұзақ уақыт бойы сахнадан жібермеді: «Браво», «Бис» деген дауыстар залдың барлық бұрышынан естіліп жатты, ал атақты тенор өз өнеріне табынушыларға арнап, К.Веласкездің «Besame mucho» әнін шырқады. Тыңдармандар опера сахнасының аңызына айналған тұлғасына тік тұрып қошемет көрсетті.




Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT