Елордада Алғыс айту күніне орай қайырымдылық кеш өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алғыс айту күніне орай «Qazaqstan» концерт залында «Қазақстан» РТРК АҚ «Қазақ радиолары» ЖШС ұйымдастыруымен «Мың алғыс» дәстүрлі қайырымдылық кеші өтеді.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешке ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Шараның мақсаты – мейірімділікті, қайырымдылықты, өмірге деген құштарлықты насихаттау, ауыр дертке шалдыққан жандардың еміне қаржы жинау.

«Мың алғыс» қайырымдылық концертінде:

• Мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Самат Ақбергеновке көмек көрсетіледі;

• «Харекет» қайырымдылық қоры 3 отбасына баспана кілтін табыстайды. Олардың бірі Қарағанды қаласы, екеуі Ақмола облысынан;

• «Асыл адам» қайырымдылық қоры өзінің баспанасы болмаса да, өзгеге қол ұшын созып жүрген еріктінің біріне пәтер кілтін табыстайды;

• Шешенстан Республикасы Грозный қаласында тұратын Мариям Рамазанқызы 56 жылдан соң туған әпкесі Наталья Метельскаямен табысады;

• Германияда 1982-1984 жылдары әскери борышын өтеген Мұхит Марасулов пен Балтабай Ақжанов 36 жылдан соң кездеседі;

• Кешке «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы арқылы жақындарын тапқан Янина Мелехова (Мәскеу), Виктор Винтерголлер қатысады;

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасы эфирге шыққалы 800 хат-қоңырау түсіп, 130 адам анықталды. «Мың алғыс» радиохабары мен қайырымдылық кеш аясында мұқтаж жандарға 85 630 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Қайырымдылық концертіне Майра Мұхамедқызы, Құрмаш Махан, Мирас пен Құралай, Әлішер Каримов, Қарақат Әбілдина, Өмірқұл Айниязов, Алтынай Жорабаева сынды эстрада жұлдыздары, «Ұлттық ұлан» сарбаздары, «Art Music» квартеті қатысады.

Өтетін орны: «Қазақстан» Орталық концерт залы.


Соңғы жаңалықтар