Елордада «Әлеуметтанулық өлшеміндегі қоғамның өзекті сұраныстары» атты талқылау өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚаАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында кәсіби әлеуметтанушылардың кездесулер циклінің жалғасы ретіндегі «Әлеуметтанулық өлшеміндегі қоғамның өзекті сұраныстары» атты сараптамалық талқылау өтті, деп хабалайды ҚазАқпарат.

Белгілі қазақстандық әлеуметтанушылар жалпы әлеуметтану ғылымының, атап айтқанда қолданбалы әлеуметтанудың өзекті мәселелерін талқылады.

«Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы, BISAM Central Asia, BRIF Researchсекілді беделді әлеуметтану ұйымдарының басшылары –Гүлмира Илеуова, Леонид Гуревич, Александр Рузанов қазақстандық әлеуметтанудың субъективтік проблемасына, әлеуметтанушылар мен олардың зерттеулерінің нәтижелері қоғамда белсенді болуының маңыздылығына назар аударды.

Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының президенті Бақытжамал Бектұрғанова қолданбалы әлеуметтануды дамыту қажеттілігіне тоқталды.

«Эмпирикалық бағыттың дамуымен біздің әлеуметтану қалыптасқан ғылымы бар әлеуметтік институтқа айналады. Сұрақтар қою, одан әрі зерттеу үшін проблеманы тұжырымдау, бұл біздің ең маңызды қызметіміз болуы керек. Әлеуметтанушылардың пікірінше, бұл үшін бізде ұйымдастырушылық негіз болу керек»,-дейді.

Осы ретте олар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ-да құрылған Әлеуметтанулық зерттеулер бөлімі қазақстандық әлеуметтануды дамытудың ұйымдастырушы және бағыттаушы күшіне айналады деген үмітте екенін білдірді. Сондай-ақ бұл әлеуметтанушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен өзара алмаса алатын және оларды көпшілікке жария ететін ортақ алаң ретінде де қажет.

Кездесуде «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры Айнұр Мәжітова 2020 жылдың көктем мен жаз айларында Нұр-Сұлтан қалысында Covid-19 түйсінуге қатысты сауалнаманың нәтижелерін ұсынды.

Мысалы, көктемде қала тұрғындарының алаңдаушылық деңгейі айтарлықтай жоғары болды, респонденттердің 80% коронавирусты жұқтырудан қорықты. Жазда бұл көрсеткіш 72%-ға дейін төмендеді.

«Бірақ, баршамызға мәлім болғандай, дәл осы кезеңде елде ауру күрт өсті. Пандемия кезінде респонденттердің басым бөлігінің Интернет және әлеуметтік желілерге деген сенімі едәуір артты, сондай-ақ теледидарлар да Covid-19 туралы басым ақпарат көздерінің бірі болып қала берді»,-деді.

PaperLab зерттеу тобының сарапшысы Серік Бейсембаевтың баяндамасы қазақстандық қоғамдағы саяси қатысуға деген талпыныс мәселесіне арналды.

Соңғы жылдары жүргізілген өлшеулерге сәйкес, азаматтық белсенділік әр түрлі бірлестіктер, жергілікті мәселелерді шешу үшін азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруы және қайырымдылық акциялары арқылы арта түсті. Жастар корпусын дамыту жобасының басқару тобының мониторинг және бағалау жөніндегі маманы Камила Ковязина қашықтан білім беруге көшуге қатысты қалыптасқан жағдайды талдау бойынша мәліметтерді ұсынды.

ҚСЗИ алаңындағы әлеуметтанушылардың сараптамалық кездесулері келешекте әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, экономистер және басқа да саланың жетекші мамандарын тарта отырып, нақты өзекті мәселелер талқыланатын Жұмыс тобының форматына көшеді. Бұндай өзара іс-қимыл форматы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» пен тұрғындар арасындағы қосымша көпірге айналады.


Соңғы жаңалықтар