Елордада Ахмет Байтұрсынов көшесі 20 маусымға дейін жартылай жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Ахмет Байтұрсынов көшесі 20 маусымға дейін жартылай жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ахмет Байтұрсынов көшесінде Рақымжан Қошқарбаев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынің мәліметінше, 5-20 маусым аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады.

«Тұрғындар жолда кептеліс болдырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар