Елордада 7 мыңнан астам вакансия бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығында 7 мыңнан астам вакансия бар. Бұл туралы ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

19 маусымдағы мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына 5 мыңнан астам азамат жұмыс іздеп барған. Жыл басынан бері орталық арқылы 2 698 адам жұмысқа орналасты. Олардың 92-сі әлеуметтік жұмыс орындары, 1 792-сі - қоғамдық жұмыстар, ал 814 - і уақытша жұмыс орны.

«Қазір Жұмыспен қамту орталығында 7 мыңнан бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Бос вакансиялардың 58 пайызында 100 мыңнан астам жалақы беріледі», - деді Жұмыспен қамту орталығынан.

Орталық базасында 3 мыңнан астам адам тіркеуге алынған. Олардың 2 309-ы - әйелдер, 1 451 - ерлер.

Соңғы жаңалықтар