Елордада 30-ға жуық жылы аялдама орнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл қыста Нұр-Сұлтан қаласында 30-ға жуық жылы аялдама орнатылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы қыста қала бойынша 30-ға жуық жылы аялдама орнатуды көздеп отырмыз. Жалпы жыл санап жылы аялдамаға сұраныс көбейіп келеді. Әсіресе, қаланың шеткі аймақтарында орнату керек. Себебі жыл сайын халық саны көбейіп, қала аумағы да кеңейіп келеді. Жылы аялдама керек, бірақ оның бәрін біз 1 жылдың ішінде шеше алмаймыз. Барлығы да жоспарға сәйкес іске асырылады. Ең бастысы тұрғындарға ыңғайлы болып, жағдай жасалуы тиіс», - деді А. Көлгінов тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, шаһар басшысының мәлімдеуінше, қаладағы жылы аялдамаларда шағын кәсіпті дамытуға ерекше мән берілетін болады.

Бұған дейін Алтай Көлгінов елордадағы коммуналдық төлем бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген еді.



Соңғы жаңалықтар