Елордада 30 елдің сарапшылары жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымын талқыламақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл бесінші рет өтетін «Astana Club» отырысына әлемнің 30 елінен саясаткерлер, сарапшылар мен дипломаттар қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Astana Club» 2015 жылы Елбасының бастамасымен құрылған. Біз Еуразияның кіндігінде орналасқандықтан, бұл идеяны жүзеге асыруға толық құқылымыз деп ойлаймын», - дейді Ержан Салтыбаев.

«Astana Club 2019» шарасының басты тақырыбы - «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында».

«Халықаралық аренада Қазақстанның дұрыс келбетін айқындау бағытында аталмыш шараның маңызы зор. Көптеген мемлекеттер осындай жаһандық сипатқа ие сұхбаттарды Қазақстанда өткізуге мүдделі болып отыр, себебі біздің ел тәуелсіздік алғалы бейтарап, объективті делдал ретінде бірнеше ірі-ірі жаһандық бастамаларды алға тартты. Осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін әлемдегі ең беделді сарапшылар мен мамандардың басын қосудың маңызы зор»,- дейді ӘЭСИ сарапшысы Ерлан Мәдиев.

«Astana Club» аясында өткізілетін негізгі шаралардың бірі - «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Соңғы жаңалықтар