Елордада 30-дан астам аула клубы жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 30-дан астам спорттық және шығармашылық аула клубы жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында «Аула клубтары« әлеуметтік жобасы аясында қаланың 4 ауданында 30-дан астам аула клубтары жұмыс істейді. Барлық секциялар тегін негізде өтеді. Жас санаты 7 жастан 29 жасқа дейін. Аула клубтарының қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларының бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда аула клубтарында 3 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Спорттық және шығармашылық сабақтар бар», - деді «Астана Жастары» ЖРО аула клубтарын дамыту бөлімінің маманы Аделя Бекарыстанова.

Айта кетейік, аула клубтары елордалық жастардың бос уақытын тиімді өткізу және жеке басын дамыту орталығына айналды. Секцияларда каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы, хореография және тағы басқалармен айналысуға болады.

«Мен «Pro Fit» жобасының ұйымдастырушысымын. Бұл - ұлт денсаулығының игілігі үшін және көпбалалы, сонымен қатар аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін жұмыс істейтін әлеуметтік жоба. Біздің клуб Сарыарқа ауданында орналасқан. Ол толық жабдықталған 5 залдан тұрады. Оған кем дегенде 300 бала барады«, - деді «Pro Fit« аула клубының жетекшісі Альмира Борамбаева.

«Мен Муай таймен айналысамын. Біз бұл үйірмеге тегін қатысамыз. Маған жаттықтырушым мен жаттығулар өте ұнайды», - деді клубтың тәрбиеленушісі Екатерина Вольская.


Соңғы жаңалықтар