Елордада 3 тамыздан кейін қандай нысандардың жұмысына тыйым салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 тамыздан бастап елордадағы карантин шаралары тағы екі аптаға созылды. Сондықтан кей нысандардың жұмысы қайта жанданбайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, аймақтар арасындағы жолаушылар автобусының қозғалысы әзірге тоқтай тұрады.

Сонымен қатар, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, жабық базарлардың жұмысына тыйым салынады. Тек оның ішіндегі дәріханалар мен тамақ өнімдерін өткізетін шағын маркеттер, супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін істейді.

Одан бөлек, қаланың барлық спорт ұйымдарында оқу-жаттығу сабақтарына, жиындарға, жарысқа қатысуға және өткізуге, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың жұмысына шектеу қойылды.

Ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан тамақты сыртқа шығару немесе жеткізуге ауыстыра отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін белгілей отырып тыйым салу, жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмысын тоқтату қарастырылған.

Косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін СПА-орталықтар, тренажер залы, фитнес-орталықтар, спорт-сауықтыру орталықтары, бассейндер, аквапарктер, жағажайлар, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондары мен шаштараздар, орталықтар мен салондар уақытша істемейді.

Аттракциондардың барлық түрі, оның ішінде ашық ауада, тұрғын үйлердің ауласында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңдарының жұмысына тыйым салынды.

Қала саябақтарында, жағалауда, скверлерде балалар мен ересектерге арналған құралдар (электромобиль, құлайтын автомобиль, самокат, гироскутер) жалға берілмейді.

Көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клуб, түнгі клуб) жұмысы тоқтайды. Сондай-ақ барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражай, көрме) және қаланың барлық спорт нысандарының жұмысына тыйым салынады.

Дінге сенушілердің мешіт, шіркеу, собор немесе синагогаға баруына болмайды. Букмекер кеңселері де істемейді.


Соңғы жаңалықтар