Елордада 3,5 мың адам 42 500 теңге әлеуметтік көмек ала бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 3,5 мың адам 42 500 теңге әлеуметтік көмек ала бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы қабылдаған шаралары бизнесті дамытуға және халықты жұмыспен қамтуға қолдау болатындығы сөзсіз. Жұмыспен қамтудың жол картасына енгізілетін жобалар анықталып, олар салалық министрліктермен келісілді. Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысында экономиканың нақты секторында шамамен 15 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Жол картасы аясында 16 оңалту орталығын салу, мектептер, жолдар, инженерлік желілері салу, газдандыру, аула аумақтары мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары қарастырылған. Аталған жобаларды жүзеге асырылуы экономиканың дамуына, азаматтарды жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізеді», - деді қала басшысы.

Оның атап өтуінше, құрылыс саласы экономика өсімінің негізгі драйвері бірі саналады.

«Карантин блок-бекеттерінде азық-түлік тауарларынан басқа инертті және басқа да құрылыс материалдары кедергісіз өткізіледі. Карантин енгізілгеннен бастап, қалаға 5 мың тоннаға жуық құрылыс материалдары және 4,5 мың тонна жол жөндеуге арналған материалдар жеткізілді. Құрылыс алаңдарына жұмысшыларға арналған жатақханалары бар құрылыс компаниялары өз қызметін жалғастыруда. Сонымен бірге құрылыс компанияларының барлық басшыларына санитарлық нормаларды қатаң сақтау тапсырылды. Бақылауға алынды», - деді елорда әкімі.

Алтай Көлгіновтің атап өтуінше, Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы шараларының аясында азаматтарды қолдау бойынша жұмыс басталып кетті.

«Әлеуметтік төлем алушылар тізімі кеңейтілді. Жұмыс берушілерден бүгінгі таңда 12 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Оның 3 500 өтініші қаралып, төлем басталды. Тағы 4 мыңға жық жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Барлық процестер айтарлықтай жеңілдетілген», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар