19:42, 23 Шілде 2021 | GMT +6
Елордада 26 шілдеден бастап жаңа автобус жүреді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа № 30 қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
«Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа №30 қалалық бағдар іске қосылатынын хабарлаймыз.
Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Бағдардың жүрісін 2GIS қосымшасында нақты уақыт режимінде қадағалау 1 тамыздан бастап мүмкін болады» делінген әкімдік хабарламасында.